Астананы Дамыту Орталығы|Қызметі

Серіктестіктің негізгі міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту жөніндегі іс-шараларды (жобаларды) іске асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сервистік қолдау;
  2. инвестициялар тарту мәселелері бойынша түрлі мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау;
  3. өз қызметі шеңберінде қазақстандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  4. қазақстандық және шетелдік ұйымдардың қатысуымен инвестициялық және бизнес-форумдар, семинарлар, көрмелер және өзге де іс-шаралар өткізу және халықаралық инвестициялық іс-шараларға қатысу;
  5. туристік дестинацияны дамыту және Астана қаласының брендін ілгерілету шеңберінде инвестициялар тарту және жобаларды іске асыру;
  6. елорданың туристік әлеуетін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  7. Астана қаласының кәсіпкерлерімен әріптестік бағдарламаларды ұйымдастыру, өткізу, сүйемелдеу;
  8. туризм саласындағы инновациялық шешімдерді іздеу, зерттеу, тарту және енгізу;
  9. Астана қаласының брендін ілгерілету және инвестициялар тарту мақсатында мәдени спорттық іс-шаралар саласында  бұқаралық спортты іске асыруға жәрдемдесу.

Серіктестіктің негізгі мақсаттары:

  1. Астана қаласында инвестицияларды (отандық және шетелдік) тартуға жәрдемдесу;
  2. сыртқы нарыққа шығарылатын өнімді ілгерілетуге жәрдемдесу;
  3. Астана қаласының Қазақстандық брендінің түрлі деңгейлерінде қолдау көрсету;
  4. туризмді, оның ішінде іскерлік туризмді дамыту және инвестициялық тартымды өңір ретінде Қазақстан Республикасы астанасының имиджін нығайтуға жәрдемдесуге бағытталған қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ Астана қаласын халықаралық көрмелерге дайындау.