Астана Даму Орталығы|Компания Туралы

Компания туралы

Астана Даму Орталығы Астана қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады, инвесторларды тарту және сүйемелдеу, сондай-ақ елорданың имиджін инвестиция үшін тартымды, қызықты әрі жайлы қала ретінде ілгерілету үшін жауап береді.
Біздің миссиямыз

Астананың кешенді дамуына ықпал ету және оны іскерлік, мәдени және инвестициялық белсенділіктің жетекші орталығы ретіндегі ұстанымын нығайту.

Міндеттер

  • 1. Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға жәрдемдесу
  • 2. Экономиканың түрлі салаларында инвестиция тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау
  • 3. Инвестиция тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және перспективалы ынтымақтастықты жолға қою
  • 4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция тарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға жәрдемдесу және оларға сараптамалық қолдау көрсету
  • 5. Инвестицияларды қолдауға бағытталған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға қатысу
  • 6. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша әлеуетті инвесторларға ақпараттық, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету
  • 7. Жүктелген міндеттер аясында инвестициялық және бизнес-форумдарды, семинарларды, көрмелерді және әртүрлі деңгейдегі өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу
  • 8. Астана қаласының кәсіпкерлік қауымдастығының инвестициялық тақырыптағы серіктестік бағдарламаларын ақпараттық-консультациялық сүйемелдеу және елорданың инвестициялық тартымды қала ретіндегі имиджін нығайту
  • 9. Инвестициялық жобаларды медиа-сүйемелдеу, елорданың инвестициялық әлеуетін өз ақпараттық ресурстары және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс арқылы ілгерілетуге қатысу

Мақсаттар

  • 1. Астана қаласында отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік міндеттерді орындауға жәрдемдесу
  • 2. Елорданың инвестициялық климатын және инвестициялық тартымдылығын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу
  • 3. Астана өңірінің инвестициялық әлеуетін ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілетуге жәрдемдесу

Сұрау жіберу