Серіктестіктің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту жөніндегі іс-шараларды (жобаларды) іске асыруға жәрдемдесу, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сервистік қолдау;
- инвестициялар тарту мәселелері бойынша түрлі мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- өз қызметі шеңберінде қазақстандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- қазақстандық және шетелдік ұйымдардың қатысуымен инвестициялық және бизнес-форумдар, семинарлар, көрмелер және өзге де іс-шаралар өткізу және халықаралық инвестициялық іс-шараларға қатысу;
- туристік дестинацияны дамыту және Астана қаласының брендін ілгерілету шеңберінде инвестициялар тарту және жобаларды іске асыру;
- елорданың туристік әлеуетін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Астана қаласының кәсіпкерлерімен әріптестік бағдарламаларды ұйымдастыру, өткізу, сүйемелдеу;
- туризм саласындағы инновациялық шешімдерді іздеу, зерттеу, тарту және енгізу;
- Астана қаласының брендін ілгерілету және инвестициялар тарту мақсатында мәдени спорттық іс-шаралар саласында бұқаралық спортты іске асыруға жәрдемдесу.
Серіктестіктің негізгі мақсаттары:
- Астана қаласында инвестицияларды (отандық және шетелдік) тартуға жәрдемдесу;
- сыртқы нарыққа шығарылатын өнімді ілгерілетуге жәрдемдесу;
- Астана қаласының Қазақстандық брендінің түрлі деңгейлерінде қолдау көрсету;
- туризмді, оның ішінде іскерлік туризмді дамыту және инвестициялық тартымды өңір ретінде Қазақстан Республикасы астанасының имиджін нығайтуға жәрдемдесуге бағытталған қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ Астана қаласын халықаралық көрмелерге дайындау.