Кушербаев Алиби Болатович
Кушербаев Алиби 1979 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. 2018 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Экономика» мамандығы бойынша, сондай-ақ М.С. Нарикбаев атындағы ҚАЗМЗУ университетінде «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша білім алды.
Мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторларда мол кәсіби тәжірибесі бар.
1995 жылдан 2015 жылға дейін ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды.
2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы мамырға дейін – «KAZNEX» АҚ-ның арнайы өкілі.
2016 жылғы мамырдан 2018 жылғы тамызға дейін – Маңғыстау облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасының басшысы.
2020 жылғы сәуірден 2022 жылғы сәуірге дейін – «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қарашаға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары.
2023 жылғы қарашадан 2026 жылғы маусымға дейін – «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Бас директорының кеңесшісі, кейін Бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2026 жылдың қараша айында «Астана даму орталығы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Қабылдау кестесі:
Апта сайын бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін, мереке күндерін қоспағанда.
Қабылдауға жазылу алдын ала жүргізіледі:
Тел.: +7 (7172) 57-00-86 (ішкі 103)
е-mail: a.kusherbayev@adc.com.kz