Ақпараттық киоскінің ашылуы
20.01.2024
2024 жылғы 18 қаңтар «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында жаңа туристік ақпараттық орталық ашылды.
Орталық қызметкерлері елорда қонақтарына үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) Астана қаласының туристік өнімдері, экскурсиялық маршруттар, көрікті жерлер, іс-шаралар, көлік, шопинг, ойын-сауық және т.б. туралы ақпаратқа береді.
Ақпараттық орталықтың ресми ашылу салтанатына “Terminals Astana Airport Management” ЖШС бас директоры Юсуф Альжавдер және Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қ.Б.Сапаров қатысып, бұл оқиғаның елорданың туризмін дамытудағы маңызын атап өтті.