Астана Даму Орталығы|Астана Әуежайы Қысқы Маусымның Ең Танымал Бағыттарын Жариялады | Жаңалықтар

Жаңалықтар

Астана әуежайы қысқы маусымның ең танымал бағыттарын жариялады

29.02.2024

Аяқталып келе жатқан қысқы маусымның ең танымал халықаралық бағыттары: Нячанг, Санья және Дубай болды, - деп хабарлайды әуежайдың өз инстаграмында.

Нячанг (Вьетнам) астана тұрғындары мен Қазақстанның жақын жатқан қалалары үшін сүйікті бағытқа айналды. Нячанг қаласына Камрань әуежайы арқылы жетуге болады. Vietjet әуекомпаниясы Астана әуежайынан аптасына екі рейс жасайды, А330 ұшақтарында.

Келесі сұранысқа ие бағыт - Санья қаласы (Қытай). Демалыс қаласы, мұнда тек демалып қана емес, сонымен қатар емделу процедураларынан өтуге болады. Scat әуекомпаниясы аптасына екі рет B737 ұшақтарында Саньяға ұшады.

Сонымен қатар, Дубай қаласы сүйікті бағыт болып қала береді. Fly Dubai және Air Astana әуекомпаниялары Дубайға күн сайын ұшады

Дереккөз: https://travelpress.kz/news/kazakhstan/aeroport-astani-opublikoval-samie-populyarnie-napravleniya-zi...

Артқа қайту