Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «ДАЛА КЕСКІНДЕМЕСІ: РӘМІЗДЕР, БОЯУЛАР, БЕЙНЕЛЕР» көрмесі

28.03.2024

2024 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 10 жылдығына орай «ДАЛА КЕСКІНДЕМЕСІ: РӘМІЗДЕР, БОЯУЛАР, БЕЙНЕЛЕР» атты көрменің ашылады.

Мерейтойлық көрме қазақ ұлттық бейнелеу өнерінің ең жарқын бейнелерін ұсынады. Көркемсуреттер мен гобелендерді дәстүрлі зергерлік өнер, тоқымашылық, қолөнер, музыкалық аспаптармен толықтырыла түседі.

Көрме экспозициясы ҚР Ұлттық музейінің қорларынан жиналды. Бұл көрмеге ҚР көрнекті және танымал өнер шеберлерінің ең қызықты, аңызға айналған туындыларын, сондай-ақ жас талантты авторлардың заманауи туындыларын қосуға мүмкіндік берді. Көрмеге барлығы 50 автордың 250 туындысы жиналды.

Көрменің тұжырымдамасы кеңістікті «Қазақ кескіндемесіндегі тарихи сюжеттер», «Табиғат бейнелері – бай әрі алуан түрлі пейзаждық мотивтер», «Қазақстан өнеріндегі әйел суретшілер», «Қазіргі заманғы өнер - жаңа есімдер» сияқты тақырыптық аймақтарға бөлуді көздеген.

Экспозицияға қойылған авторлардың арасында Әбілхан Қастеев, Әубәкір Ысмайлов, Орал Таңсықбаев, Салихитдин Айтбаев, Үкі Әжиев, Айша Ғалымбаева, Гүлфайрус Ысмайлова, Камил Муллашев және басқа да көптеген суретшілер бар.

Назар аударыңыз! Дүйсенбі-демалыс күні, айдың соңғы сейсенбісі-санитарлық күн. Бұл күндері мұражай жұмыс істемейді.

Артқа қайту