4 маусымда Астана даму орталығында қалалық прокуратура, аудандық прокуратуралар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – 2025 жылғы 28 мамырда өткен «Ашық есік күні» шарасы аясында көтерілген өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылау.
Кездесу барысында инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде инвесторлар кездесетін негізгі кедергілер қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша көрсетілген проблемалық мәселелерді жою мақсатында жұмыс басталды, оның ішінде инвестициялық жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасалуда.