Астана Даму Орталығы|Kiswel Оңтүстіккореялық Компаниясының Өкілдерімен Екінші Кездесу Өтті | Жаңалықтар
21.07.2025 15:29:00

Kiswel оңтүстіккореялық компаниясының өкілдерімен екінші кездесу өтті

Kiswel оңтүстіккореялық компаниясының өкілдерімен екінші кездесу өтті

Бүгін Астана Даму орталығында Kiswel оңтүстіккореялық компаниясының өкілдерімен екінші кездесу өтті. Компания дәнекерлеу материалдарын өндіруге маманданған.

 

2.jpg


Кездесу барысында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктері және шетелдік инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары кеңінен таныстырылды.


3.jpg


Kiswel компаниясы Қазақстан арқылы Орталық Азия нарығына шығуға қызығушылық білдіріп, Астананы өңірлік кеңею үшін стратегиялық орталық ретінде атап өтті.  


4.jpg


Тараптар ықтимал бірлескен жобалар мен серіктестіктің жаңа форматтарын  талқылап, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және елордадағы өндірістік әлеуетті дамыту бойынша өзара пікір алмасты.

Сұрау жіберу