Астана Даму Орталығы|Астана Даму Орталығы Altay Invest 2025 Іс-Шарасына Қатысты | Жаңалықтар
26.09.2025 17:00:00

Астана даму орталығы ALTAY INVEST 2025 іс-шарасына қатысты

Астана даму орталығы ALTAY INVEST 2025 іс-шарасына қатысты

26 қыркүйекте Өскемен қаласында Астана даму орталығы «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумына қатысты.


Форум жаңа жобаларды іске қосу, бірлескен бизнесті дамыту және өңірлер арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға бағытталған практикалық қадамдарды талқылаудың басты алаңына айналды.


WhatsApp Image 2025-09-26 at 11.42.35.jpeg


Іс-шара бағдарламасында B2B-кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалар көрмесі, пленарлық отырыс және панельдік сессиялар өтті.


Форумның мақсаты – Қазақстанның инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды іске асыру жолдарын талқылау, экономиканың негізгі секторларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық аренада сенімді әрі тартымды серіктес ретіндегі имиджін нығайту.


Форум қорытындысы бойынша Астана даму орталығы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 2 келісімге қол қойды.

Сұрау жіберу