Астана Даму Орталығы|Биылғы Жылдың Үздік Инвестициялық Жобаларының Қатарында Kis Astana Білім Беру Кешені Ұсынылды | Жаңалықтар
04.11.2025 08:56:00

Биылғы жылдың үздік инвестициялық жобаларының қатарында KIS Astana білім беру кешені ұсынылды

Биылғы жылдың үздік инвестициялық жобаларының қатарында KIS Astana білім беру кешені ұсынылды

31 қазан күні Астанада Қазақстанның жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі (KGIR 2025) өтті - бұл елдің басты инвестициялық оқиғасы, 2017 жылдан бері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің басшылығымен өткізіліп келеді. Форум аясында елдің инвестициялық ахуалының дамуына елеулі үлес қосқан жетекші компаниялар мен инвесторларды марапаттау рәсімі өтті.


Марапатталғандардың бірі – KIS Astana білім беру кешенінің негізін қалаушы және иесі Даниэль Гунасилан. Кешеннің жалпы аумағы 20 000 шаршы метрден асады және 920 оқу орнын қамтиды.


Жоба халықаралық сапа стандарттарына сай заманауи білім беру ортасын құруға бағытталған.


KIS Astana жобасын іске асыру Астана қаласы әкімдігінің, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, сондай - ақ жобаны өтінім беруден бастап объектіні пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдерде сүйемелдеген Астана даму орталығының қолдауымен қамтамасыз етілді.

Сұрау жіберу