Астана Даму Орталығы|Астана Даму Орталығы Мен Aspiro Group Арасындағы Түсіністік Туралы Меморандумға Қол Қойылды | Жаңалықтар

Жаңалықтар

Астана Даму Орталығы мен Aspiro Group арасындағы Түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

04.11.2025 16:30:00

3 қарашада Астана даму орталығында Aspiro Group халықаралық консалтингтік компаниясының, сондай-ақ Чех Республикасының және Словакия Республикасының Елшіліктерінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында инвестициялық дамудағы бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.


ADC 03-11-25 (6).jpg


Кездесу қорытындысы бойынша Астананы дамыту орталығы мен Aspiro Group арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, инвестицияларды тарту және сүйемелдеу саласындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға, ақпарат және талдамалық материалдар алмасуға, сондай-ақ Астананы көлік-логистикалық орталыққа айналдыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру мен іске асыру бойынша күш-жігерді біріктіруге бағытталған.


IMG_6079.JPG

Артқа қайту