«Астана даму орталығы» 2024 жылдың 16 мамырында Астанадағы Қазақ-герман орталығында өткен инвестициялық дөңгелек үстелге қатысты
16.05.2024
"Астана Германия объективінде" инвестициялық дөңгелек үстелінің басты тақырыбы – Қазақстан астанасы мен өңірлерінің инвестициялық әлеуетін көрсету, республика экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың ағынын кеңейтуге бағытталған практикалық және заңнамалық шаралар туралы неміс компанияларын хабардар ету, екі ел үшін басым салалардағы ынтымақтастық пен сауда-экономикалық саланы одан әрі кеңейту перспективаларын талқылау.
Іс-шара 16 мамырда Қазақстан-Неміс орталығында өтті.