Астана Даму Орталығы|Президент New Generation School Astana Ғимаратына Барды | Жаңалықтар
26.12.2025 10:29:00

Президент New Generation School Astana ғимаратына барды

Елорда нысандарына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұра ауданында орналасқан New Generation School Astana жеке меншік білім беру мекемесінің жұмысымен танысты.

Білім беру кешені 1 320 оқушыға арналған және жаратылыстану-математика, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша оқытуды жүзеге асырады. Оқу процесінде математика мен ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға басымдық берілген, бұл мектептегі білім сапасына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді.

Мектепте оқу-тәрбие процесін толыққанды ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдай жасалған: оқушылар үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін қолайлы әрі қолжетімді орта қалыптастырылған.

Мемлекет басшысына жоба бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында іске асырылғаны жөнінде баяндалды. Инвестициялық жоба Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының және Астана даму орталығының қолдауымен жүзеге асырылып, жоба негізгі кезеңдерде кешенді сүйемелдеумен қамтамасыз етілді.

Сапар барысында Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы және спорт залын аралап көрді.

 Дереккөз: www.akorda.kz

Сұрау жіберу