2024 жылғы 15 қазанда Астана даму орталығында қытайлық Rui Shige, Zhao Mingming, Liu Tinglong және Ge Shaodi компанияларының өкілдерімен кездесу өтті
22.10.2024
2024 жылғы 15 қазанда Астана даму орталығында қытайлық Rui Shige, Zhao Mingming, Liu Tinglong және Ge Shaodi компанияларының өкілдерімен кездесу өтті. Іс - шараға QazTradeHub ҚФ төрағасының орынбасары Аяжан Мұқатаева, жоба үйлестірушісі Ержан Кубегенов, Үрімші қаласындағы QazTradeHub өкілі Ербол Бақыт, аудармашы Рүстем Нұрлан қатысты.
Кездесу барысында бірлескен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары мен өзара тиімді жобаларды іске асыру жоспарлары талқыланды. Инвестициялық бастамаларда табысқа жетудің маңызды элементі болып табылатын заттай гранттар мен басқа да инвестициялық преференцияларды алу тетіктеріне ерекше назар аударылды.
«Астана даму орталығы» ЖШС инвестиция тарту үшін оңтайлы жағдай жасауға және шетелдік әріптестермен нәтижелі байланыс орнатуға белсенді ұмтылуда