Астананы Дамыту Орталығы|Қалалық Мәслихат Депутаттары Астана Даму Орталығына Барды | Жаңалықтар

Жаңалықтар

Қалалық мәслихат депутаттары Астана даму орталығына барды

22.10.2024

Бүгін Астана қаласы маслихатының VIII шақырылым депутаттары Адамбек Кендебай Сарыбайұлы, Төлеген Бахаргүл, Құлмағанбетова Жанаргүл Жұмабайқызы, Рамазанов Дархан Болатұлы, Дженалаева Салтанат Мұқанбетпанақызы және Смаилов Бауыржан Аманкелдіұлы Астана даму орталығына барды.

Іс-шараға Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Акимжанов және Астана даму орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Астана даму орталығының басқарма төрағасы Ринат Ақбердин депутаттарды компанияның ағымдағы қызметімен таныстырып, негізгі жобалар мен қол жеткен нәтижелерге тоқталды. Сондай-ақ, ірі инвесторларды тартуды, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді және Астананың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жаңа бастамаларды іске асыруды қамтитын компанияны одан әрі дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарлар ұсынылды.

Депутаттар елордада инвестициялар тартуға және кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін «Астана даму орталығы» ЖШС жұмысының маңыздылығын атап өтті. Олар жалпы мақсаттарға қол жеткізу және инвестициялық климатты жақсартуға, сондай-ақ негізгі салаларды дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды іске асыру үшін одан әрі ынтымақтастық қажеттілігін ерекше атап өтті.

Артқа қайту