Талқылау барысында Конституция ережелері мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, тұрақты құқықтық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ бизнесті дамыту мен инвестициялар тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталғаны атап өтілді. Сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрлық трансформацияның, инновациялардың және жасанды интеллект технологияларын енгізудің маңызы ерекше екені айтылды.
Талқылау қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіну және олардың негізгі қағидаттарымен танысудың маңыздылығы атап өтілді.