Астана Даму Орталығы|Инвесторлардың Құқықтарын Қорғау Мәселелері: Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Комитетімен Жұмыс Кездесуі | Жаңалықтар
17.02.2026 16:20:00

Инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Комитетімен жұмыс кездесуі

Инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Комитетімен жұмыс кездесуі

17 ақпанда фронт-офисте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ Астана даму орталығы мен Astana Invest басшылығының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Астана Даму Орталығының Басқарма төрағасы Ринат Акбердин және Astana Invest Басқарма төрағасы Асхат Бекеев ұйымдардың негізгі қызмет бағыттарын, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан және сүйемелденетін инвестициялық жобалар туралы ақпаратпен таныстырды.

Тараптар өзара іс-қимыл және инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін, инвестициялық бастамаларды одан әрі сүйемелдеу мәселелерін, сондай-ақ жұмыс процестеріне цифрландыруды енгізу - электрондық сервистерді дамыту, рәсімдердің ашықтығын арттыру және әкімшілік процестерді оңтайландыру бағыттарын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша инвесторларды жүйелі қолдауды нығайтуға және ведомствоаралық тиімді ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік расталды.

Сұрау жіберу