«Астана даму орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары бекіткен кестеге сәйкес, 2026 жылғы 1 маусым мен 13 шілде аралығында «Астана даму орталығы» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Серіктестік қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2. Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3. Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
4. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
5. Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
6. Қаржы-шаруашылық қызметке байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғалардан +7 702 510 59 26 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.
«Астана даму орталығы» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру