Астана Даму Орталығы|«Сарайшық» Ауданында Әлеуметтік Инвестициялық Жобалар Бойынша Жұмыс Сапары Өтті | Жаңалықтар
17.07.2026 15:43:00

«Сарайшық» ауданында әлеуметтік инвестициялық жобалар бойынша жұмыс сапары өтті

«Сарайшық» ауданында әлеуметтік инвестициялық жобалар бойынша жұмыс сапары өтті

«Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ мен «Астана даму орталығы» ЖШС бірлесіп сүйемелдейтін әлеуметтік жобалар бойынша «Сарайшық» ауданында жұмыс сапары ұйымдастырылды. Іс-шараға «Сарайшық» ауданының әкімі Мақсат Саматұлы қатысты. Жұмыс сапары барысында қатысушылар құрылысқа дайындық және құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңінде жүзеге асырылып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысып, жобаларды іске асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Инвесторлар кездесуге қатысушыларды құрылыс жұмыстарының барысы, атқарылған іс-шаралар, жекелеген кезеңдерді аяқтаудың жоспарланған мерзімдері туралы хабардар етіп, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қолдауын қажет ететін мәселелерді көтерді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді жедел пысықтау және барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын үйлестіру жөніндегі алдағы шаралар айқындалды.

Мұндай жұмыс сапарлар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тұрақты бақылауға, туындайтын мәселелерге жедел ден қоюға және әлеуметтік маңызы бар нысандардың уақытылы салынуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сұрау жіберу