Бүгін Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Астана даму орталығы, Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, сондай-ақ MG Astana компаниясы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Күн тәртібінің негізгі мәселесі логистикалық орталықты салу және пайдалану жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру болды. Кеңес барысында жер учаскесін рәсімдеу процесінде туындаған проблемалық мәселелер қаралып, оларды реттеу бойынша алдағы іс-қимылдар айқындалды.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар туындаған мәселелерді жедел шешу және инвестициялық жобаны одан әрі сүйемелдеу мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.