Астана даму орталығының алаңында Астана қаласының Энергетика басқармасы, «Астана – Аймақтық электржелілік компаниясы» АҚ басшылығы және NIK (NovaSyS Corporation) компаниясының өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
NIK – электр энергиясын есепке алу құрылғылары мен зияткерлік энергия менеджменті жүйелерін әзірлеу және өндіру саласындағы Шығыс Еуропадағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Компания энергетика саласына арналған заманауи цифрлық шешімдерді, оның ішінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін (AMI) және энергоресурстарды мониторингілеу мен басқару платформаларын енгізуге маманданған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана қаласы аумағында жобаны бірлесіп іске асыру және одан әрі ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге келді.