Астана Даму Орталығы|Астанада Инвестициялық Жобаларды Сүйемелдеу Және Инвесторлардың Құқықтарын Қорғау Мәселелері Талқыланды | Жаңалықтар
27.08.2026 14:22:00

Астанада инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Астанада инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

27 тамызда Сарыарқа ауданы прокуратурасы мен Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Оның аясында аудандағы инвестициялық жобаларды іске асыру және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды.

Қатысушылар Астана даму орталығы және Astana Invest қатысуымен іске асырылып жатқан жобалардың ағымдағы жағдайын, туындаған мәселелерді және оларды жедел шешу жолдарын талқылады.

Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Мұндай формат проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтап, инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бірлескен шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары айқындалды.

Сұрау жіберу