Астана Даму Орталығы|Астанада Translogistica Kazakhstan 2026 29-Шы Қазақстан Халықаралық Көрмесі Өтеді | Жаңалықтар
07.09.2026 11:07:00

Астанада TransLogistica Kazakhstan 2026 29-шы Қазақстан Халықаралық көрмесі өтеді

Астанада TransLogistica Kazakhstan 2026 29-шы Қазақстан Халықаралық көрмесі өтеді

2026 жылғы 14-16 қазан аралығында Астана қаласында, EXPO Халықаралық көрме орталығында «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі - TransLogistica Kazakhstan 2026 өтеді.

Көрме салалық шешімдердің толық кешенін ұсынады: жерүсті, әуе және теңіз көлігімен жүк тасымалдау және экспедиторлық қызметтер, жүктерді сақтау қызметтері, сондай-ақ жеткізу тізбегін басқару процестерін автоматтандыру саласындағы бағдарламалық жасақтама әзірлеушілерінің IT-шешімдері және тағы басқалары.

Іс-шараны ұйымдастырушылар - Iteca және Атакент-Экспо компаниялары - өнеркәсіптік, өндірістік, логистикалық және сауда кәсіпорындарының көлік бөлімдерінің басшылары мен мамандарын TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесіне келіп, іскерлік бағдарламаға қатысуға шақырады.

Тіркелу және толық ақпарат сайтта: www.translogistica.kz

Тіркелу кезінде іс-шараға тегін кіруге мүмкіндік беретін TLK2026AST промокодын пайдалануға болады.

Сұрау жіберу