«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Wellness Resort Mountains аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар кешен аумағын ретке келтіріп, шамамен 1 500 ағаш отырғызды. Бұл жұмыстар жасыл аймақты кеңейтуге және елорда тұрғындары мен қонақтарының демалуына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Мұндай экологиялық іс-шаралар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, қаланы абаттандыру ісіне қоғамның белсенді қатысуына ықпал етеді.
Wellness Resort Mountains – Астанада орналасқан, аумағы 10 гектарды құрайтын заманауи этно-кешен. Оның аумағын көгалдандыру табиғи ортамен үйлесімді, әрі жайлы демалыс кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.