Астана Даму Орталығы|Астанада Инвесторлардың Қатысуымен 80-Ге Жуық Ағаш Отырғызылды | Жаңалықтар
19.09.2026 16:03:00

Астанада инвесторлардың қатысуымен 80-ге жуық ағаш отырғызылды

Астанада инвесторлардың қатысуымен 80-ге жуық ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астана даму Орталығының сүйемелдеуімен жобаларын жүзеге асырып жатқан инвесторлар «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандарында қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қатысты.

Акция барысында қатысушылар аумақтарды көгалдандыруға, қалалық инфрақұрылымды дамытуға және қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға өз үлестерін қосып, шамамен 80 ағаш отырғызды.

Инвестициялық қоғамдастық өкілдерінің экологиялық бастамаларға қатысуы олардың әлеуметтік жауапкершілік пен қаланың тұрақты дамуы қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.

«Таза Қазақстан» акциясы тазалықты сақтау, аумақтарды абаттандыру және жайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдарды, бизнес-қоғамдастықты және қоғам өкілдерін біріктіреді.

Сұрау жіберу