Астана Даму Орталығы|Ұлттық Ғылыми Медициналық Орталықтың 200-Ге Жуық Қызметкері Экологиялық Акцияға Қатысты | Жаңалықтар
04.10.2026 16:14:00

Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 200-ге жуық қызметкері экологиялық акцияға қатысты

Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 200-ге жуық қызметкері экологиялық акцияға қатысты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ұлттық ғылыми медициналық орталық абаттандыру және аумақты тазарту жұмыстарына қатысты. Тазалық шарасына орталықтың 200-ге жуық қызметкері мен өкілдері қатысып, елорда аумағын таза әрі көрікті етуге өз үлестерін қосты.

Қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға атсалысты. Мұндай бастамалар қалаға деген жауапкершілікті арттырып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын көрсетеді. 

Сұрау жіберу