ENACTUS 2024 WORLD CUP: Қорытындылар мен әріптестік
21.02.2025 17:03:00
2-4 қазан аралығында Астана ENACTUS 2024 WORLD CUP аясында студенттік кәсіпкерліктің орталығына айналды. 33 елден келген 2000-нан астам қатысушы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сай инновациялық жобаларын ұсынды.
“Астана даму орталығы” ЖШС Басқарма Төрағасы Р. Ақбердин мен ENACTUS Kazakhstan Президенті А. Ержанова іс-шараның қорытындыларын шығарып, ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Серіктестерге алғыс хаттар табысталды.
ENACTUS 2024 Астананың инновациялар мен халықаралық оқиғалардың орталығы ретіндегі мәртебесін растады!