Астана Даму Орталығы|Инвестициялық Жобаны Электрмен Жабдықтау Мәселелері Талқыланды | Жаңалықтар
23.10.2026 15:54:00

Инвестициялық жобаны электрмен жабдықтау мәселелері талқыланды

Инвестициялық жобаны электрмен жабдықтау мәселелері талқыланды

Астана даму орталығында «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ, «Астана-Өңірлік Электржелілік Компания» АҚ және «ТемирТас-А» ЖШС инвесторының қатысуымен өндірістік кешенді электрмен жабдықтау мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында жобаланып жатқан нысанды электр желілеріне қосу шарттары және электрмен жабдықтау мәселесін шешудің ықтимал жолдары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша инвесторға техникалық шарттарға сәйкес берілген қосылу нүктесіне қатысты түсіндірмелер ұсынылды. Сонымен қатар, нысанды электрмен жабдықтаудың баламалы нұсқалары, оның ішінде жоба іске асырылатын кезеңде уақытша қосылу нүктелерін пайдалану мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу мүдделі тараптардың алдағы іс-қимылдарын үйлестіруге және болашақ өндірістік кешенді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша ықтимал шешімдерді пысықтауға бағытталды.

Сұрау жіберу