Астана даму орталығында «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ, «Астана қаласының Көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ және «ДУВС Мерей» ЖШС өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан аудандағы көше-жол желісін дамыту жоспары қаралды. Жол инфрақұрылымына енгізу көзделген өзгерістер, сондай-ақ жоспарды пысықтау және келісу бойынша алдағы іс-қимылдар талқыланды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелерді жедел шешуге және қалалық инфрақұрылымды кешенді дамытуға бағытталған.