Астана Даму Орталығы|Астанада Инвестициялық Жобаларды Қабылдау Және Пайдалануға Беру Мәселелері Талқыланды | Жаңалықтар
23.11.2026

Астанада инвестициялық жобаларды қабылдау және пайдалануға беру мәселелері талқыланды

Астанада инвестициялық жобаларды қабылдау және пайдалануға беру мәселелері талқыланды

Бүгін Астана қаласының прокуратурасы мен «Астана даму орталығы» ЖШС бірлесіп төрағалық еткен, мүдделі мемлекеттік органдардың және инвестициялық жобалар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы нысандарды қабылдау және пайдалануға беру тәртібі болды. Қатысушылар қажетті рәсімдерден өту кезеңдерін, құжаттарды рәсімдеу тәртібін, сондай-ақ тартылған тараптардың өкілеттіктері мен жауапкершілігін талқылады.

Нысандарды пайдалануға беру кезеңінде инвесторлар кездесетін проблемалық мәселелерге, құжаттарды қарау мерзімдерін қысқарту мүмкіндіктеріне және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша туындаған мәселелерді уақтылы шешу және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдар мен инвесторлар арасындағы өзара үйлестіруді одан әрі жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.


Сұрау жіберу