Астанада білім беру нысандарын пайдалануға беру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторлардың және бейінді мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесу «Астана қаласының прокуратурасы» ММ мен «Астана даму орталығы» ЖШС-нің бірлескен төрағалығымен өтті. Негізгі назар құрылыс жұмыстарының аяқталуы және нысандарды кейіннен пайдалануға беру үдерісіндегі практикалық мәселелерге аударылды.
Кеңес барысында нысандарды қабылдау және пайдалануға беру рәсімдеріне қатысты негізгі мәселелер, сондай-ақ осы кезеңде инвесторлар кездесетін проблемалық тұстар қарастырылды. Әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және мемлекеттік органдар мен инвесторлар арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша туындаған мәселелерді жедел шешу, рәсімдер мерзімдерін қысқарту және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдар мен инвесторлар арасындағы үйлесімді өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.