Астана даму орталығында «ИМВБКЗ» ЖШС өкілдері мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында логистикалық орталықтың жұмыс істеуі үшін қажетті жаңбыр және еріген қар суларын жинауға арналған жинақтаушы тоғанды орналастыру мәселесі жан-жақты талқыланды.
Талқылау барысында бейінді мемлекеттік органдардың талаптары мен жобаны іске асыру ерекшеліктерін ескере отырып, мәселені шешудің ықтимал нұсқалары қаралды. Кездесу қатысушылары жинақтаушы тоғанды орналастыру мәселесін одан әрі пысықтау және инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылдың алдағы бағыттарын айқындады.