Астана Даму Орталығы|Инвестициялық Жобалар Жаңалықтары: Негізгі Мәселелерді Талқылау | Жаңалықтар

Жаңалықтар

Инвестициялық жобалар жаңалықтары: негізгі мәселелерді талқылау

20.03.2025 18:24:00

19 наурызда Астана даму орталығы, мемлекеттік органдар және Астана қаласы прокуратурасының өкілдерімен бірқатар инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелерін шешуге арналған жұмыс кездесулері өтті.


Кездесу барысында «Luxal» ЖШС-нің «Алюминий қорытпасынан сығымдалған профильдер өндіретін зауыт салу» инвестициялық жобасын іске асыруға байланысты мәселелер талқыланды. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты 2000-6000 тонна аралығында болады деп жоспарлануда. Кездесу барысында жобаны табысты жүзеге асыруға кедергі келтіретін мәселелерді шешудің ықтимал жолдары қарастырылды.


591A0856 (1).jpg   591A0782.jpg


Сондай-ақ «Электровоздарға қызмет көрсететін бас сервис орталығын салу және пайдалану (ALSTOM)» жобасы бойынша кеңес өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы – қолданыстағы жер пайдаланушының шекарасын түзете отырып, жобаны іске асыру үшін қосымша 4 га жер учаскесін бөлу қажеттілігі болды. Инвестордан қосымша жер учаскесіне өтінім беру күтілуде.


591A0965 (1).jpg   591A0956.jpg


Осы кездесулер өңірдегі тұрақты инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету және өнеркәсіптік жобаларды сәтті іске асыру бағытында маңызды қадам болып табылады.

Артқа қайту