Астана Даму Орталығы|«Expogoods Central Asia» Халықаралық Форум-Көрмесі 2025 Жылғы 11–13 Маусым Аралығында Астанада Өтеді | Жаңалықтар
14.04.2025 11:17:00

«EXPOGOODS CENTRAL ASIA» халықаралық форум-көрмесі 2025 жылғы 11–13 маусым аралығында Астанада өтеді

2025 жылғы 11–13 маусымда  Астанада, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен және қатысуымен, Халықаралық «EXPO» көрме орталығында «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» халықаралық форум-көрмесі өтеді. Іс-шараны «Майер Экспо Азия» ЖШС ұйымдастырады.

Форумның мақсаты – Орталық Азия, ТМД, Таяу Шығыс, Азия және Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту. Қатысушылар қатарында Әзірбайжан, Беларусь, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, БАӘ, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және ЕО елдерінің өкілдері болады.

 

Іс-шара  бағдарламасында:

  • Іскерлік  бағдарлама – бизнес, мемлекеттік органдар және салалық сарапшылар қатысатын пленарлық отырыстар мен тақырыптық пікірталастар.

  • Экспорт  және  импорт  күндері – өңір елдерінің жеткізушілері мен сатып алушылары арасындағы сауда және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау.

  • International Retailers’ Days – өндірушілердің питч-сессиялары.

  • B2B-кездесулер – халықаралық бөлшек сауда желілерінің жеткізушілері мен сатып алушылары арасындағы жеке кездесулер.

  • HoReCa Congress – қонақжайлылық және мейрамхана бизнесіне арналған халықаралық форум, 150-ден астам компания және үздік спикерлердің қатысуымен (толығырақ: expogoods.kz/ru/forum/horeca-congress#programm).

  • Көрме  экспозициясы – күнделікті тұтынуға арналған азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өндірушілер мен жеткізушілердің таныстырылымдары.

 

Көрменің негізгі бөлімдері:

  • FOOD GOODS & HORECA – тағам өнімдері мен сусындар, тағамдық қоспалар және ББҚ

  • OUTDOOR HORECA – мейрамханалар верандалары мен террасаларына арналған жабдықтар, көшпелі іс-шараларға арналған сыртқы құралдар

  • NON-FOOD GOODS – үйге және интерьерге арналған тауарлар, ыдыс-аяқ, үй жануарларына арналған өнімдер, тұрмыстық химия, косметика және жеке гигиена құралдары, балалар тауарлары, кеңсе тауарлары

  • PRODUCTION & SERVICE – шикізат, жабдықтар, қаптама, логистика, бизнеске арналған қызметтер

  •  EXPOGOODS CENTRAL ASIA – бұл өндірушілер, бөлшек сауда өкілдері, инвесторлар және мемлекеттік құрылымдар арасында әріптестік орнатып, тиімді келісімдер жасауға мүмкіндік беретін өңірдің басты іскерлік алаңы.

 

Форум-көрмеге қатысуға шақырылады:

  • Мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтар өкілдері

  • FMCG және азық-түлік өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер

  • Импорттаушылар мен экспорттаушылар

  • Сауда желілері мен дистрибьюторлар

  • HoReCa сектор өкілдері

 

Қатысу және аккредитация бойынша байланыс:

Ұйымдастырушы: «Майер Экспо Азия» ЖШС

Телефон: +7 (701) 549-93-28 (WhatsApp, Telegram)

E-mail: nfa@mayer.kz

Мекенжай: Қазақстан, Алматы қ., Мынбаева к-сі, 151, 71-кеңсе (050046)

Ресми сайт: expogoods.kz

  

ФОРУМ-КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУ

КЕЛУШІЛЕРДІ ТІРКЕУ


Сұрау жіберу