Астана даму орталығында дәнекерлеу материалдарын өндіруге маманданған Оңтүстік Кореялық Kiswel компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Астана даму орталығының өкілдері қалада инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібі туралы толық ақпарат беріп, шетелдік инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шараларын таныстырды.

Kiswel компаниясы Қазақстан арқылы Орталық Азиядағы қызметін кеңейтуге қызығушылық білдіріп, Астананы өңірлік нарыққа шығудың стратегиялық орталығы ретінде қарастырып отыр.
Тараптар ықпалдастықтың ықтимал форматтарын және бірлескен жобаларды іске асыру келешегін талқылады. Бұл жобалар Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және елордадағы өнеркәсіптік секторды дамытуға үлес қосады.