Астана Даму Орталығы — Қазақстан астанасына инвестиция тарту және оларды сүйемелдеу бойынша негізгі ұйым.
Біз қалалық сервистерді, мемлекеттік құрылымдарды және бизнес-экожүйені біріктіретін бірыңғай оператор ретінде жұмыс істейміз, инвесторға шешім қабылдап, жобаларды іске асыруы жеңіл болатын жағдайларды қалыптастырамыз.
Біз инвесторларға ұсынатын қызметтер:
Біздің миссиямыз — Инвесторларға қаланы дамытатын, жұмыс орындарын ашатын және заманауи инфрақұрылымды қалыптастыратын жобаларды іске асыруға көмектесу арқылы Астана экономикасының тұрақты өсуіне ықпал ету.
Астана Даму Орталығы астана дамуына ықпал ететін ауқымды жобаларды іске асыруға және инвестициялар тартуға белсенді түрде жәрдемдеседі.
Әрбір жоба қалалық ортаның сапасын арттыруға және бизнес пен тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Астана — 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы. Қаланың геосаяси және экономикалық маңызы зор: Еуразияның қақ ортасындағы қолайлы орналасуы Астананы логистикалық, көлік-коммуникациялық және іскерлік торапқа айналдырады.
Астана — бүкіл әлемге танымал бірегей сәулеті бар заманауи мегаполис, бұл қаланы тұрғындар үшін де, туристер мен инвесторлар үшін де тартымды етеді.