Астана Даму Орталығы|Ринат Олегович Акбердин | Басқарма
Ринат Олегович Акбердин

Ринат Олегович Акбердин

Басқарма төрағасы

Ринат Акбердин 1979 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

2000 жылы Орынбор мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады, ал 2018 жылы Женевадағы (Швейцария) Еуропалық университеттен халықаралық бизнес магистрі дәрежесін алды.

Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді: мұнай-газ құбыр көлігі саласында реттеу бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының кеңесшісі, Павлодар облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары, Павлодар қаласы әкімінің аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.

2011 жылдан бастап – «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры, кейін «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарушы директоры және басқарма төрағасының орынбасары болған.

2013 жылы «Қазтелеком» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды.
2014 жылдан 2019 жылға дейін «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директоры және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды.

2019 жылы «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2020 жылдан 2022 жылға дейін – «Біріккен химиялық компания» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

2023 жылдың ақпан айында «Астана Даму Орталығы» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Сұрау жіберу