Астана Даму Орталығы|Ерлан Бакитұлы Ержанов | Басқарма
Ерлан Бакитұлы Ержанов

Ерлан Бакитұлы Ержанов

Басқарма төрағасының орынбасары

Ерлан Ержанов 1982 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

2004 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтады. 

2010 жылы «Туран-Астана» университетінде «Экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы Испанияның Барселона автономды мемлекеттік университетінде «Халықаралық бизнес басқару» мамандығы бойынша білім алды.
Мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда елеулі кәсіби тәжірибесі бар.

2004 жылдан бастап келесі лауазымдарда қызмет атқарды: «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ еншілес кәсіпорны – «КМГ-Жайық» ЖШС-нің Орал филиалының менеджері, «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ-нің ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас менеджері, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің көлік логистикасы басқармасының басшысы.

2015–2020 жылдар аралығында келесі лауазымдарды атқарды: «EurasianTradeGroup» ЖШС маркетинг жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің халықаралық шарттарды сүйемелдеу басқармасының басшысы.

2020 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы сәуірге дейін – «Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры» ҚҚ директоры.

2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы сәуірге дейін – Қарағанды облысы Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары.

2023 жылғы сәуірден шілде айына дейін – «SPK Astana Development» ЖШС Инвестиция тарту департаментінің директоры.

2023 жылғы шілде айында «Астана Даму Орталығы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Сұрау жіберу