Түркияда Ыстамбұл қаласында Қазақстанның туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың, көшпенділердің 5 Дүниежүзілік ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұровтың Дүниежүзілік этноспорт Конфедерациясының Президенті Билал Ердоғанмен кездесуі өтті, онда көптеген мәселелер талқыланды.
Туризм және спорт Вице-министрі Серік Жарасбаев Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарына дайындық бойынша елімізде жүргізіліп жатқан белсенді жұмыс және ақпараттық науқандардың алғашқы толқыны туралы айтып берді.
Дирекция басшысы Наиль Нуров көшпенділердің 5 Дүниежүзілік ойындарының маңыздылығын ескере отырып, ойындардың ашылу және жабылу рәсімдерін, сондай-ақ әлемнің жетекші телеарналарындағы жарыстардың барысын жариялау қажеттігін талқылады.
Өз кезегінде Билал Ердоған екіжақты әріптестік қатынастардың өсуін атап өтіп, көшпенділер ойындарын ұйымдастыру Қазақстанның этноспорттық қозғалысты әлемдік деңгейде ілгерілету жөніндегі перспективалы жобаларының бірі болып табылатынын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация 16-18 ақпан аралығында өтетін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Конгресіне қатысатыны атап өтілді.
Стамбулдағы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының кеңсесінде өткен кездесуге Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев пен Қазақстан Республикасы Бас консулдығының өкілдері де қатысты.
2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден астам елден 4000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары "Ұлы дала дүбірі" - "Ұлы даладағы кездесу"ұранымен өтеді.
Түркияда Қазақстанның туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың Дүниежүзілік этноспорт Конфедерациясының Президенті Билал Ердоғанмен кездесуі өтті