Жаңалықтар

Наурыз мерекесінің ХКО «ЭКСПО» кешенінде атап өтуі.

19.03.2024

21 мен 22 наурыз күндері «ЭКСПО» Халықаралық көрме орталығы аумағында Наурыз мейрамын кеңінен атап өту жоспарланған.

Мереке құрметіне этно-ауыл жарқын безендіріліп, алтынбакын ұйымдастырылады, сондай-ақ Болашақ Энергиясы музейінде «Арт Домбыра» триосы, «Қосалқа» квинтеті, «Тарлан» ансамблі, «Қорқыт» этно-ансамблі және «Әз-Наурыз - жыл басы» мюзиклінің театрландырылған қойылымы өнер көрсетеді.

«Наурыз базары» мерекелік жәрмеңкесінде еліміздің әр түкпірінен ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, шығыс тәттілері қолжетімді бағаларда ұсынылады. Сонымен қатар, Қазақстан, Түркия, Иран, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да шетелдік мемлекеттердің үздік шеберлері мен қолөнершілері ұлттық және тақырыптық бұйымдарын ұсынады.

Көшеде келушілерді шығыс асханасының фестивалі, наурыз көже, жаңа піскен нан, самса және қазанда дайындалған палау күтеді. Балалар үшін ұлттық ойындар: арқан тартыс, асық ату, тогызқұмалақ және тағы басқалары ұйымдастырылады.

Артқа қайту