Астана Даму Орталығы|Астана - Душанбе Тікелей Рейсі Іске Қосылды | Жаңалықтар
02.04.2024

Астана - Душанбе тікелей рейсі іске қосылды

Астана - Душанбе тікелей рейсі іске қосылды

Бүгін Қазақстанның бас қаласынан Тәжікстанның Душанбе қаласына қатынайтын Somon Air әуекомпаниясының алғашқы рейсін Астана халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алып, шағарып салды.

Салтанатты шараға ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Томпиева С.Е., сондай-ақ елорда әуежайының басшылығы мен Somon Air авиакомпаниясының өкілдері қатысты. Іс-шараның басты қонақтары жаңа рейс екі елді байланыстыратынына және көптеген жолаушылар үшін саяхатты жеңілдететін тамаша мүмкіндік екендігіне сенім білдірді.

Астанадан Душанбеге тұрақты рейстер 2 сәуірден бастап, аптасына бір рет, ал 19 сәуірден бастап – Boeing 737/800/900 типті ұшағымен аптасына екі рет орындалатын болады. Борт 184 жолаушыға дейін тасымалдай алады.

Жаңа рейстің ашылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе қатынасын дамытуға және екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады.

Бүгінгі күнге Астанадан 31 тікелей бағыт қолжетімді екенін атап өтейік.

Дереккөз: nqz_airport 

Сұрау жіберу