Астана Даму Орталығы|Инвесторлар Мен Бизнесті Қорғау – Прокуратураның Қадағалау Қызметінің Басымдығы | Жаңалықтар
09.06.2025 17:06:00

Инвесторлар мен бизнесті қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басымдығы

Инвесторлар мен бизнесті қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басымдығы

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың барлық шешімдері мен шектеу шаралары бойынша «Ивесторларды қорғау» жөніндегі прокурорлық сүзгі жобасын енгізді.
Мақсаты - инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың алдын алудың тиімді құралдарын енгізу және инвестициялық ахуалды жақсарту.
05.06.2025 жылы Фронт-офис алаңында прокурорлар инвесторлармен және уәкілетті органдармен кездесті.


ADC 05-06-25 (12).jpg


Кездесуге «Есіл» ауданы прокуратурасының, Астана даму орталығының, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының басшылығы, Инвестициялар комитеті мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ елорданың инвесторлары мен кәсіпкерлері қатысты.


ADC 05-06-25 (9).jpg


Кездесуге қатысушыларға «Прокурорлық сүзгі» жобасының жұмысы түсіндірілді, инвестициялық жобаларды прокурорлармен сүйемелдеу және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша тиімді жұмыс атап өтілді.
Атап айтқанда, соңғы бір жарым жылда аудан прокуратурасы 2 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғады және жалпы инвестиция сомасы 40 млрд теңгеден асатын инвесторлардың 10 проблемалық кейсі шешілді.
Сонымен қатар, «Есіл» ауданының прокуроры Е.А. Тоқбаев өз проблемалық мәселелерін атап өткен Инвесторлар мен кәсіпкерлерді қабылдады.


ADC 05-06-25 (7).jpg


Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді, сондай-ақ жадынамалар мен брошюралар таратылды.
Бизнесті тиісінше қорғау мақсатында прокуратурада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ және CALL-орталық жұмыс істейтінін еске саламыз.
Бизнес субъектілері (инвесторлар, кәсіпкерлер) проблемалар туындаған жағдайда бұзылған құқықтар мен мүдделерді қорғау және қалпына келтіру үшін прокуратура органдарына жүгіне алады (байланыс нөмірі 71-24-67).

Сұрау жіберу