Астана Даму Орталығы|Астанадағы «Нұра» Ауданында Инвестициялық Жобаларды Іске Асыру Мәселелері Талқыланды | Жаңалықтар
21.08.2025 17:32:00

Астанадағы «Нұра» ауданында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Астанадағы «Нұра» ауданында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Астана қаласының «Нұра» ауданының прокуроры Құдрет Ақылбектің төрағалығымен Астана даму орталығында мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.


ADC 21-08-25 (1).jpg


Кездесу барысында аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда:

  • жер учаскелерін рәсімдеу және келісу;

  • эскиздік және жобалық құжаттамаларды бекіту;

  • Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры порталындағы техникалық ақаулар;

  • рұқсат беру құжаттары мен құқықтық мәселелер бойынша келіспеушіліктер;

  • нысандарды орналастыру және іргелес аумақтарды пайдалану.

ADC 21-08-25 (4).jpg


Кездесудің негізгі мақсаты – инвестициялық жобаларды жеделдетіп іске асыру және кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған ортақ шешімдер табу.

Нәтижесінде қатысушыларға қажетті түсіндірмелер беріліп, көтерілген мәселелерді шешудің келесі қадамдары айқындалды.


ADC 21-08-25 (2).jpg


Қазіргі таңда «Нұра» ауданында құны 114 млрд теңгені құрайтын шамамен 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Өткен кезеңде прокуратура 7 инвесторлық проблемалық жағдайды шешті.

Сұрау жіберу