Астананы Дамыту Орталығы|«Астана Даму Орталығы» Жшс Алдағы Референдум Аясында Бизнеспен Кездесу Өткізді. | Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Астана даму орталығы» ЖШС алдағы референдум аясында бизнеспен кездесу өткізді.

26.09.2024

26 қыркүйекте «Астана даму орталығы» ЖШС қонақ үй және мейрамхана бизнесін, туристік қауымдастықтарды және туристік индустрияның басқа да құрылымдарын (компанияларын) ұсынатын Астана қаласының кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) құрылысы болды.

Іс-шарада сарапшылар: ядролық физика институтының инженері Қалиекперов Мәлік Еранұлы және «Астана энергиясы» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Усина Гүлнұр Талғатқызы сөз сөйледі. Олар атом электр станцияларының қауіпсіздігі, халықаралық стандарттар және апаттардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы айтты. Кездесу форматы қатысушыларға қызықтырған сұрақтарын қою және мамандардан жауап алуға мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 6 қазанында өтетін референдумда Қазақстан азаматтары АЭС салу мәселесі бойынша өз ұстанымдарын білдіре алады. Референдум өткізу туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте қол қойды.

Артқа қайту