Астана Даму Орталығы|2025 Жылы Қазақстанның Жіө Өсімі 6,5%-Ды Құрады | Жаңалықтар
15.01.2026

2025 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады

2025 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға өсті. Экономикалық өсім Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданып жатқан экономиканы әртараптандыру шараларын іске асыру есебінен қамтамасыз етілді.

Өсімге негізгі үлесті өнеркәсіп, көлік, құрылыс және сауда салалары қосты. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 7,4%-ды құрады, ал өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға өсті. Бұл өсім машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу салаларындағы өндіріс көлемінің артуымен байланысты.

Елдің көптеген өңірлерінде, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, оң динамика тіркелді. Көлік және қоймалау саласы жүк және жолаушылар тасымалының өсуі, сондай-ақ логистикалық және қосалқы қызметтер ауқымының кеңеюі есебінен 20,4%-ға артты.

Құрылыс саласында инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына байланысты өсім 15,9%-ды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 20,1 млн шаршы метрді құрап, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ға жоғары.

Сауда саласы 8,9%-ға өсті, негізінен көтерме сауда сегменті есебінен, онда машиналар мен жабдықтар, фармацевтикалық өнімдер, автомобильдер және азық-түлік тауарлары айналымының ұлғаюы байқалды. Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы өсім 5,9%-ды, ал ақпарат және байланыс саласында 3,6%-ды құрады.

Жалпы алғанда, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы ел экономикасының негізгі салаларының орнықты дамуын көрсетеді.

Сұрау жіберу