2024 жылғы 1 сәуірде Астана Даму Орталығы Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты. Форумға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар қатысты. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған бұл шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам болды. Форумға екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері, соның ішінде 25-тен астам словениялық компания қатысты.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Словения Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы және еуропалық істер министрі Таня Файон құттықтау сөз сөйлеп, ынтымақтастықты дамытуға деген ортақ қызығушылықты атап өтті.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Габидулла Оспанкулов Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырып, соңғы 30 жылда елге 453 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын атап өтті.
Форум аясында кәсіпкерлер тікелей байланыс орнатқан және бірлескен перспективалы жобаларды талқылаған B2B кездесулері өтті. Бұл шара Қазақстан мен Словения арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамытудағы кезекті маңызды қадам болды.