Есіл ауданында мектеп пен балабақшадан тұратын KIS Astana білім беру кешенінің құрылысы аяқталды. Астана даму орталығы жоба бойынша барлық кезеңде — жер телімін рәсімдеуден бастап нысанды пайдалануға беруге дейін әкімшілік сүйемелдеу жүргізді.
Жоба сипаттамасы:
-
Жалпы ауданы — 20 000 шаршы метрден астам
-
Мектеп — 800 оқушыға арналған
-
Балабақша — 120 орын
Мекенжайы: Хусейн бен Талал көшесі, 35
Жобаны GateWay компаниясы жүзеге асырды, бұл – инвестордың білім беру саласындағы үшінші жобасы.
KIS Astana екі білім беру стандарты бойынша жұмыс істейді:
-
халықаралық IB бағдарламасы
- қазақстандық мемлекеттік стандарт (МЖБС)
Білім беру үдерісі тек базалық біліммен шектелмей, оқушылардың hard skills және soft skills сияқты маңызды құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Мектепке Қазақстан Республикасының Президенті арнайы барып қайтты, бұл жобаның ел ауқымындағы маңыздылығын көрсетеді.
Жобаның жүзеге асуы Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен Астана даму орталығының кешенді сүйемелдеуінің арқасында мүмкін болды.