Қазақстан халықаралық бизнеске тағы бір қадам жасады.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен инвесторлық виза алу ережелері бекітілді.
Енді қазақстандық компаниялардың жарғылық капиталына немесе жергілікті бағалы қағаздарға кемінде 300 000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары инвесторлық виза алуға электрондық түрде өтініш бере алады.
Аталған «алтын виза» Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға рұқсат алуға мүмкіндік береді.
Бұл шара инвестициялық климатқа деген сенімді нығайтып, инвесторлар үшін болжамды әрі қолайлы орта қалыптастырады және тұрақты іскерлік қатынастарды дамытуға ықпал етеді.
Жаңа ережелер ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді.
Дереккөз: ҚР СІМ